Елордаға қашан толықтай газ тартылады: Көлгінов жауап берді

Опубликовано:

Елорда
Фото: elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданы газдандыру мәселесі туралы сөз қозғады деп хабарлайды Elorda.info.

Әкімнің сөзіне сенсек, елорданы газдандыру 2023 жылы аяқталуы тиіс. Ол бүгінгі таңда қай өңірлерге газ тартылып үлгергенін айтып берді.

"Қазіргі таңда біз 645 шақырым газ тарату желісін салдық. Бұл Алматы және Сарыарқа аудандарында. Өздеріңіз білесіздер, жеке секторлар — "Көктал", "Көктал-1", "Көктал-2" және Агроқалашық. Онда 150 мыңнан астам адам тұрады. Алматы ауданында: Оңтүстік-Шығыс - оң жағы, сол жағы, одан әрі Теміржолшылар, Күйгенжар, Интернациональный ауылдары өтеді. Бұл елдімекендердің барлығы яғни, жеке сектор жəне тұрғын үй массивтері біздің шет аймақтар деп аталады.

Қазір инженерлік желілер белсенді түрде жеткізілуде. Яғни, біз газға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз, сонымен қатар әрбір үйге газды жеткізумен айналысамыз. Сарыарқа ауданында 500-ден астам адам газға қосылды, олар дəн риза", - деді Алтай Көлгінов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935584-elordaga-qasan-tolyqtai-gaz-tartylady-kolginov-zauaby/