Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға алғашқы қар жауды (фото, видео)

Опубликовано:

Алғашқы қар
Фото: NUR.KZ

Алматылықтар әлеуметтік желілерде алғашқы қардың суреттері мен видеоларын бөлісіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тауда қар бірнеше күн бұрын жауған. 6 қазанға қараған түні қалаға да қар жауды. Әзірге бұл осы маусымдағы алғашқы қар.

Кейбір алматылықтар табиғаттың бұл тамашасына риза болмады, себебі қар өзімен бірге суық алып келетіні анық. Алайда желі пайдаланушыларының арасында қыс мезгілін сағынып, құбылысқа қуана қарағандар жетерлік.

Алғашқы қар
Фото: NUR.KZ

Алғашқы қар
Фото: NUR.KZ

"Көптен күткен қар жауды. Жаңа жылдың лебі есті!", "Алғашқы қар әрқашан әсерлі болады. Осы қыс ерекше суық болады, дейді. Көреміз", "Қар жауғаны қандай тамаша. Таза ауа. Далада тірі жан жоқ", – деп жазды әлеуметтік желідегілер.

Бұл арада төтенше жағдайлар департаменті көлік иелеріне үндеу жолдады. Оларға автотұрақтарды үнемдемеуге және көліктерін ағаштардың, электр сымдарының және басқа ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймауға шақырды.

"Ең қауіпсіз жерді, жақсырақ арнайы тұрақ орындарынан табуға тырысыңыз", – деген ұсыныс жасады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935591-almatyga-algasqy-qar-zaudy-foto-video/

pixel