RU

Атырау облысында шөп өртеніп, 3 бала қайтыс болды (фото, видео)

Өрт
Кадр: ТЖМ

Атырау облысы, Махамбет ауданында бума шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

"2021 жылдың 5 қазанында сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Өрт
Кадр: ТЖМ

Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілді", - дейді Талғат Уәли

Сол арада, 6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында 3 кәмелет жасына толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келіп түседі.

Өрт
Кадр: ТЖМ

"Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - дейді баспасөз қызметінде.

Осы орайда, ТЖМ қазақстандықтарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935608-atyrau-oblysynda-sop-ortenip-3-bala-qaitys-boldy-foto/