"Қыспаққа алу ниетімізде болмаған": Жанқош Тұраров даулы оқиғасына пікір білдірді

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Фото: Instagram/zhankoshturarov

Отандық танымал боксшы Жанқош Тұраров өзіне қатысты даулы оқиғаға тағы да пікір білдірді. Күні кеше спортшының Алматыда сот орындаушысына қысым көрсеткені туралы ақпарат тарап кеткен болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанқош Тұраров ел арасында түрлі жалған ақпараттар тарап кетпеуі үшін халыққа өзі жауап беруді шешкен. Ол Instagram парақшасы арқылы оқырмандарымен байланысқа шығып, жағдайдың мән-жайын түсіндірді.

Боксшы заңға қайшы келіп, біреуді қыспаққа алу ойында болмағанын жеткізді.

"Ассаламағалейкум ағайындар, қалайсыздар? Бүгінгі орын алған жағдайды өз аузыммен түсіндіріп өтіп кетсем. Instagram желісіне кірсем, дайректім жарылып жатыр екен. Заң бәрімізге бірдей екенін білемін. Бірақ, адамгершілік деген нәрсе тағы бар. Мынадай қыстың ауасында әр қазақ "менің үйімді бұзып жатыр" десе, көмектесуге дайынмын, әрине. Заңға қайшы келі, біреуді қыспаққа алу ниетімізде де болмаған. Менің орнымда сіз болсаңыз, сіз де солай жасар едіңіз. Аман болайық", - деді Тұраров.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Жанқош Тұраровтың сот орындаушысына қысым көрсеткені туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда, боксшы бұл жаңалықтарды бірден доққа шығарды. Ол оқиға орнында болғанымен, оны ұрмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935646-qyspaqqa-alu-nietimizde-bolmagan-zanqos-turarov-dauly-oqigasyna-pikir-bildirdi/