RU

"Арасында кәмелет жасына толмағандар да бар": Елімізде адам саудасымен айналысатындардың жолы кесілді

Зорлық11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жыл басынан бері ел ішінде адам саудасымен айналысатын бірқатар топтың жолы кесіліп, оларға қатысты 200 қылмыстық іс қозғалды. Оның 78-і сотқа жолданған. Қалғандары бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, соңғы үш жылда әр жыл сайын адам саудасының 90 құрбаны анықталуда.

Оның 20-сы мәжбүрлі еңбекке тартылған. Сондай-ақ, "адам экспорты" көбіне Азиядағы 6 елге аттандырылып келген.

"Олар Катар, Индонезия, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Оңтүстік Корея. Сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстаннан адам әкелетін екі импорт дәлізі анықталып, жойылды. Бахрейнге жыныстық жолмен ақша табуға тартылғандардың арасында кәмелеттік жасқа толмағандар да бар. Зардап шеккендердің жалпы саны 39-ға жетті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр", - дейді Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

А. Базарбай

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда 20 жастағы қызды жыныстық қызмет көрсету үшін ақшаға сатқан ер адам қолға түскені туралы жазған едік.

Одан бөлек, қыз-келіншектерді Бахрейнде сексуалды құлдыққа салған шымкенттіктер сотталғанын жазған болатынбыз. Сот жабық режимде өтіп, оған 7 жәбірленуші қатысты.

Сексуалды құлдықта қазақстандықтардан бөлек, басқа да шетелдік қыз-келіншектер, соның ішінде ТМД елдерінің азаматтары болғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935647-arasynda-kamelettik-zasqa-tolmagandar-da-bar-elimizde-adam-saudasymen-ainalysatyndardyn-zoly-kesildi/