Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мектеп директоры алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: polisia.kz

Павлодар облысында ауыл тұрғынына жалған микрокредиттік ұйымның атынан хабарласып, берешегін қайтаруды талап еткен мектеп директоры ұсталыд деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты Павлодароблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

"Алаяқтар сендіру қабілетіне ие. Май ауданы ауылдарының бірінде ауыл тұрғынына микрокредиттік ұйымнан қоңырау шалып, 1 миллион теңге несие бойынша қарызын төлеу керектігін талап еткен. Ол алаяқтықтың құрбаны болғанын біліп, тез арада тәртіп сақшыларына хабар береді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республика қылмыстық кодексінің 190-бабы-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ведомство өкілдері.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде аудандық полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935652-pavlodarda-mektep-direktory-alayaqtyqpen-ainalysty-dep-kudikke-ilindi/

pixel