RU

Күндіз 15-20 градус жылы: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болмақ

Күз
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері солтүстік-батыс антициклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Тек шығыс пен оңтүстікте ауа райы жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі. Атап айтқанда, 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман, шығыста және орталықта көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста шаңды дауыл күтіледі.

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10-18 градусқа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8-15 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда 15-20 градусқа дейін көтеріледі.

Еске сала кетсек, 6 қазанда Алматыға алғашқы қар жауды. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде ақ ұлпаның суреттері мен видеоларын жарыса жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935676-kundiz-15-20-gradus-zyly-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolmaq/