RU

Алматылық дәрігер вакцина салдырған ер адамдардың ұрықсыз екенін анықтағаны рас па

Екпе
Көрнекі фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы гомеопат дәрігердің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесуі жоспарланғаны туралы хабарлама таратылуда. Дәрігер COVID-19 қарсы вакцина алған ер адамдарды тексеріп, олардың бәрі ұрықсыз екенін анықтаған. Алайда бұл жалған ақпарат деп хабарлайд Stopfake.kz.

Алматылық дәрігер Ирина Прокушева Алексей Цоймен алдағы сенбі күні, 9 қазанда кездесуді жоспарлап отыр. Кездесу барысында олар вакцинацияны тоқтату, Ashyk жүйесін және карантиндік шектеулерді алып тастау мәселелерін талқылайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және министр Алексей Цой мұндай кездесуді жоспарламаған.

1Денсаулық сақтау министрінің дәрігер Ирина Прокушевамен кездесуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта вакцинацияны тоқтату және Ashyk жүйесін алып тастау мәселелері қаралып жатқан жоқ1, – деп хабарлады ведомстводан.

Алматылық дәрігер-гомеопат COVID-19-ға қарсы вакциналар мен ерлердің бедеулігі арасындағы байланысты анықтады деген тұжырым да күмән тудырады. Әлемнің жетекші ғалымдарының пікірінше, мРНК платформасындағы вакциналар да, басқа иммундау препараттары да адамдардың репродуктивті жүйесіне теріс әсер етпейді. 

Биыл шілдеде COVID-19 қарсы мРНК вакцинасын алатын 18-ден 50 жасқа дейінгі дені сау ер адамдар қатысқан зерттеу жарияланды. Тәжірибе барысында ғалымдар препаратты алғанға дейін және одан кейін ұрық сұйықтығындағы сперматозоидтар санын талдаған.

Нәтижелер көрсеткендей, вакцинация ерлердің ұрық жасушаларының саны мен сапасына теріс әсер етпейді, сондай-ақ, керісінше, олардың саны мен қозғалғыштығын арттырады. 

Демек, әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат фейк. Алексей Цой Ирина Прокушевамен кездеспейді, бүгінгі күні КВИ қарсы вакцинация мен карантиндік шараларды тоқтату мәселелері қарастырылып жатқан жоқ. Ғалымдардың зерттеулері COVID-19 қарсы вакцинацияның ерлер бедеулігімен байланысын жоққа шығарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935711-almatylyq-dariger-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgan-er-adamdardyn-uryqsyz-ekenin-anyqtagany-ras-pa/