Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салу науқаны қашан басталады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салу науқаны қашан басталуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі кезде иммунизация жөніндегі комиссия қанша вакцина салу қажеттігін, вакцинаның қай түрі болады және оның мөлшерін қарастырып жатыр. Жақын арада ведомствоаралық комиссияға ревакцинацияға қатысты ұсыныстар енгізіледі. Біз әлемдік тәжірбиені жіті бақылап отырмыз. Әрбір мемлекет оны әрқалай жасайды. Бірақ басым бөлігі 6-9 айдан кейін вакцинаны қайта салу қажеттігін қолдап отыр", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакциналауды былтыр бастаған мемлекеттер ревакцинацияны іске асыруға кірісті.

"Ол елдерде вакциналау науқаны өткен жылы қараша-желтоқсан айларында басталған. Демек екінші компонентті алғаннан бері 9 айдан астам уақыт өтті. Осыған байланысты вакцинаны қайта салу шаралары басталып жатыр. Бізде оның мерзімі қараша-желтоқсан айына келіп тұр", - деп атап өтті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, қараша айына дейін ревакцинацияға қатысты нақты шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935745-elimizde-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-qaita-salu-nauqany-qasan-bastalady/

pixel