Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирусқа байланысты 3 мың мектеп карантинге жабылды

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pexels.com

ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова коронавирусқа байланысты елдегі қанша мектептің карантинге жабылғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжан Есмағамбетованың хабарлауынша, жаңа оқу жылы басталғалы бері 7 мың сынып карантинге жабылған.

"Сыныптар 14 күн карантинге жабылады. Бүгінде факті бойынша 3 мыңдай сынып карантинге жабық тұр", - деді ол.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылы басталғалы бері министрлік оқушылар арасында күнделікті мониторинг жүргізіп отыратынын хабарлаған еді.

"Коронавирус жұқтырған 9185 жағдай тіркелді, ол жалпы оқушылардың 0,26 пайызын құрайды. Ауру жұқтырғандармен байланысты болған 102 мың адам анықталды, оның 624-де оң нәтиже көрсетті.

Студенттер арасында 1282 жағдай тіркелді, оның ішінде арнайы орта оқу орындары мекемесінің 935 студенті және ЖОО 347 студенті. Бұл АООО оқитындадың 0,2 пайызын және ЖОО оқитындардың 0,08 пайызын құрайды", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935756-elimizde-3-myn-mektep-koronavirusqa-bailanysty-karantinge-zabyldy/

pixel