RU

Әйелдерге жүктіліктің қанша аптасында вакцина алуға болады

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова "әйелдерге жүктіліктің қанша аптасынан бастап вакцина алуға болады" деген сауалға жауап берді.

Бұл туралы Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Қазақпарат.

"Бұл мәселені, әйелдер жүктіліктің қандай аптасында вакцина алуына болатындығын анықтау үшін Иммунизация жөніндегі комиссияның қарауына енгіздік. Алайда, тұмауға қарсы вакцинацияны мысалға алып айтар болсақ, жүкті әйелдерге 2012 жылдан бері тұмауға қарсы екпе жасап келеміз. Жүкті әйелдерге жүктіліктің 15 және одан жоғары апталарынан бастап тұмауға қарсы вакцина алуына рұқсат беріледі. Яғни, қазіргі уақытта ғалымдарымыз жүктіліктің қанша аптасында вакцина алуға болатын мерзімді қарастырып жатыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935779-aielderge-zuktiliktin-qansa-aptasynda-vakcina-aluga-bolady/