Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баласын грантқа түсірмек болған ақтөбелік 1,3 млн теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі сурет: NUR.KZ

Ақтөбе қаласының тұрғыны полициядан көмек сұрады. Ол баласын грантқа оқуға түсірмек болып, 1,3 миллион теңге ақшасынан айырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Ол 2 шілде күні бейтаныс адамға қолында бар ақшасын ұстатып жіберген.

"40 жастағы ақтөбелік бейтаныс адаммен дәмханада кездесіп, келіскен. Күдікті қаладағы университеттерінің біріне "ақысыз бөлімге" оқуға түсуге жәрдемдесетінін айтып, қызметі үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935789-balasyn-grantqa-tusirmek-bolgan-aqtobelik-13-mln-tengesinen-aiyryldy/

pixel