Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда тұрғын үйдің төбесі опырылып, 63 жастағы әжейді басып қалды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Көкшетауда тұрғын үйдің төбесі опырылып, шырт ұйқыда жатқан әйелді басып қалды. Үйінді астында қалған 63 жастағы зейнеткер сол сәтте көз жұмған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Ұйықтап жатқан балалар гүрс еткен дауыстан шошып оянған. Жүгіріп әжесі жатқан бөлмеге келсе, үйінді астынан ыңырсыған дауысын ғана естіпті. Мен іссапарда болғанмын", - деді марқұмның ұлы Александр Метров.

Оқыс оқиға түнгі сағат бір шамасында болған. Үйдегілер шырт ұйқыда жатқанда төбе опырылып түскен. 1958 жылы туған әйелді ауыр балшық пен  бөренелер басып қалқан.

Ал 13-14 жастағы екі жеткіншек дін аман. Үйінді астында жаны қиналып жатқан әжелерін көріп туыстарына телефон шалып көмек сұраған. Бірақ зейнеткерді аман алып қалу мүмкін болмады.

70 жыл бұрын шлактан құйылған ескі үйде екі жыл бұрын өрт те болған. Сол кезде құйылған судан қабырғалары шытынап төбесі жарыла бастапты. Марқұмның ұлы жөндеуге қаражаты болмағанын айтты.

"1-ге 12 минут қалғанда хабар жетті. Бірден екі арнайы техника мен жеке құрамнан 9 адам оқиға орнына аттандық. Өкінішке қарай, үйінді астында қалған зейнеткердің денесін алып шықтық. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының аға инженері Асқар Сапаров.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935793-koksetauda-syrt-uiqyda-zatqan-aieldin-ustine-uidin-tobesi-opyrylyp-tusti/

pixel