Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы да көбейді
Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 2063 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында хабарланды.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 281,
Алматы қаласында - 423,
Шымкент қаласында – 68,
Ақмола облысында – 67,
Ақтөбе облысында - 111,
Алматы облысында - 197,
Атырау облысында - 51,
Шығыс Қазақстан облысында - 140,
Жамбыл облысында - 46,
Батыс Қазақстан облысында -70,
Қарағанды облысында - 172,
Қостанай облысында - 97,
Қызылорда облысында - 39,
Маңғыстау облысында - 10,
Павлодар облысында - 140,
Солтүстік Қазақстан облысында - 108,
Түркістан облысында - 43.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 898 225-ке жетті.
Айта кетейік, сәрсенбідегі мәліметке сәйкес, 5 қазан күні Қазақстанда 1624 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935797-elimzde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-tagy-da-kobeidi/