RU

Елорда көшелерінде полицияны шұғыл шақыруға арналған SOS түймелері орнатылды

Полицей
Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде тәртіп сақшыларын шұғыл шақыруға мүмкіндік беретін арнайы SOS түймелері орнатылды деп хабарлайды "Хабар 24".

SOS түймелері - заңға қайшы қандай да бір әрекетті немесе төтенше жағдайды көргенде қолданылатын арнайы құрылғы.

Қазір қалада мұндай 6 дабыл бар. Олар Есіл өзенінің жағалауы, базарлар мен сауда үйлерінің аудандарына, Гете көшесіндегі теміржол вокзалының алаңына орнатылды. Жыл соңына дейін адам көп жиналатын орындарда 13 дабыл түймесі қойылмақ.

"Азаматтар бұл құрылғының батырмасын басқан кезде жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен дереу байланыса алады. Орнатылған камераның көмегімен видеотүсірілім жасалады. Барлық деректер жүйе арқылы автоматты түрде тіркеледі", - дейді қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының бастығы Қайрат Раушанов.

Еске салсақ, бұған дейін кәсібін дөңгелеткісі келетін елорда жастарын қараша айында жағымды жаңалық күтіп тұрғанын жазған едік.

Қарашадан бастап кәсіппен айналысамын деген елордалық жастарға 90 грант бөлінбек.

Сондай-ақ, "Еңбек" бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталығында тағы бір жаңашылдық пайда болды. Биыл "Алғашқы жұмыс" деп аталатын жоба іске қосылды. Бұған жұмыс іздеп жүрген жас түлектер, 29 жасқа толмаған жастар және NEET санатындағылар қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935803-elorda-koselerinde-policiyany-sugyl-saqyruga-arnalgan-sos-tuimeleri-ornatyldy/