Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

7 қазандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте тағы 2063 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 898 225-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935813-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel