Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қажылыққа баратын қазақстандықтар қандай вакцина алуы керек: Цой жауап берді

Опубликовано:

Сауд Арабиясы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтардың қандай вакцина алуы керек екенін айтты деп хабарлайды Elorda.info.

"Қажылыққа бару үшін әр ел өз талабын қояды. Қазір бізде Sinofarm компаниясының вакцинасы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны мақұлдаған. Яғни бұл – қажылыққа қабылдаушы ел ДДСҰ-да тіркелген вакцинаның болуын талап етсе, ондай вакцина бізде бар деген сөз. Соны қабылдап, қажылыққа шыға беруге болады", – деді Алексей Цой.

Министр қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмыстары сәтті өтсе, екпенің осы түрін алғандар да қажылыққа бара алатынын алға тартты.

"Өзіміздің QazVac бойынша айтсақ, қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелу сатысынан өтіп жатырмыз. Вакцина сол жақта тіркеуден өткен бойда өзге нарықтарға да жолы ашылады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан – өз вакцинасын клиникалық айналымға іс жүзінде шығарған алтыншы мемлекет. Оны түгел өз күшімізбен жасадық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген көптеген елде трансұлттық компанияларда мұндай тіркеу процедуралары жылдар бойында қалыптасып қойған. Оған арналған арнайы қызметтері де бар. Ал бізде жаңадан сондай жүйе орнатылып жатыр.

Біз халықаралық қауымдастықтармен интеграцияланып жатырмыз. Тіркелудің алгоритмдерін пысықтап, құжаттарды қалыптап жатырмыз. Яғни, үлкен кезең деуге болады. Бұл – Қазақстан үшін жаңа жол. Бірақ бір жағынан серпіліс деуге болады. Сондықтан, тіркелген бойда бүкіл әлем бойынша қолжетімді болады", – деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935816-qazylyqqa-baratyn-qazaqstandyqtar-qandai-vakcina-aluy-kerek-coi-zauap-berdi/

pixel