Президент Досхан Жолжақсыновты "Отан" орденімен марапаттады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Досхан Жолжақсыновты "Отан" орденімен марапаттады. Қаулы Ақорданың ресми сайтында жарияланған.
"Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын" , - делінген хабарламада.
Аталмыш жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935820-prezident-dosxan-zolzaqsynovty-otan-ordenimen-marapattady/