RU

Елімізде бір тәулікте 202 адамнан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері бар пневмонияға қатысты статистиканы жаңартты. Оған сәйкес, 5 қазанда 202 адамнан ауру анықталған деп хабарлайды ДСМ Telegram каналы.

Айта кетейік, 4 қазанда 235 адамнан пневмония анықталғанын жазған едік. Дегенмен, бүгінгі статистика бойынша ауру жұқтырғандар саны 33 адамға азайған.

Сондай-ақ, 5 қазанда коронавирустан 33 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте тағы 2063 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 898 225-ке жетті.

Сонымен бірге, 7 қазандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935826-elimizde-bir-taulikte-202-adamnan-covid-19-belgileri-bar-pnevmoniya-anyqtaldy/