Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі алматылық жігіт Медеудегі "денсаулық баспалдағына" 82 рет көтеріліп-түсті (видео)

Опубликовано:

Жігіттер
Фото: instagram.com/shymbulakmountainresort

Екі алматылық азамат бір тәуліктің ішінде Медеудегі "денсаулық баспалдағына" 82 мәрте көтеріліп түскен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Экстремалдар Шыңғыс Байқашев пен Нияз Жанзақов бір тәулік ішінде Медеудегі 842 баспалдақтан тұратын әйгілі "денсаулық баспалдағына" 82 рет көтеріліп түскен.

"24 сағат бойы "денсаулық баспалдағында" - бұл Қзақстанда алғаш рет болып отыр. Жобаның мақсаты - шекараларды және адами мүмкіндіктерді кеңейту. Бұл жылдамдық үшін емес, төзімділік пен баспалдақпен мейлінше көбірек көтерілу үшін жасалғанын айта кеткім келеді", - деді Шыңғыс Байқашев журналистерге.

Екі жігіт сынақты кешкі сағат 6-да бастаған.

Жолдастар бұл межені бағындыру үшін айтарлықтай қатты дайындалмапты. Өйткені, олар біраз уақыттан бері скайранингпен айналысады екен. Олардың жоспарына жауған қар да, салқын ауа райы да кедергі келтірмеген.

Сонымен қатар, жас спортшыларға достары мен туыстары қолдау көрсеткен. Олар жігіттердің демалып, тамақтануы үшін арнайы шатыр тіккен.

Орта есеппен алғанда жігіттердің баспалдақпен көтерілуіне 8 минут уақыт қажет болған.

"Біздің берілмеуіміз керек болды. Өйткені, көптеген адам бізді қолдап, қолпаштады. Сол себепті бізде беріле салу деген нұсқа болмады. Кейбір жерлерде қарқынымызды баяулатып, әрі қарай жүріп отырдық", - деді Нияз Жанзақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935837-eki-almatylyq-zigit-medeudegi-densaulyq-baspaldagyna-82-ret-koterilip-tusti-video/

pixel