RU

Павлодар облысын қалың қар басып қалды (фото, видео)

Биші
ФОТО: instagram.com/yessen1702

Баянауыл ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде ауласын қар басқан үйлерін суретке түсіріп, оқырмандарына бөлісіп жатыр. Ал "Қазгидрометтің" өңірлік филиалы Павлодар облысының бірнеше ауданында жауын-шашынның бір жарым айлық нормасы түскенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Павлодар облысында қар жаууын 5 қазанда бастап, бір күн бойы тоқтамаған. Кейін әлеуметтік желілерде тұрғындар қардың салдарын бөлісе бастады. Кадрлардан кейбір жерлерде қар биіктігі үйдің шатырына жетіп қалғанын байқау қиын емес.

Сонымен қатар, жауын-шашын Екібастұзда да түскен. Синоптиктердің айтуынша, қардың қалыңдығы кеншілер қаласында 18 сантиметрге жетіпті.

Қардың қалың жаууы көлік жүргізушілеріне кедергісін келтіргені белгілі.

Әлеуметтік желіде олар тас жолдың тайғақ екенін айтып, ескерту жасап жатыр.

"Қазгидрометтің" облыстық филиал синоптиктерінің мәліметінше, бір тәулікте Павлодар өңірінде қардың бір жарым айлық нормасы түскен.

Одан бөлек, Тереңкөл ауданы Федоровка ауылында да қар қалың жауған. Синоптиктердің болжауынша, қар ұзақ уақыт жатпайды. Өйткені, алдағы күндері күн күрт жылынады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935868-pavlodar-oblysyn-qalyn-qar-basyp-qaldy-foto-video/