RU

Қазақстандықтар автобуспен жүру үшін электронды билеттерді пайдаланатын болады

Көлік
Фото: zakon.kz

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2021 жылдың 4 қазанындағы бұйрығымен транспортпен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесіне өзгерістер енгізді деп хабарлайды zakon.kz.

"Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетін) сатып алса, онда электрондық жол жүру билеті немесе жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында сапарды пайдалану құқығы үшін жеткілікті негіз болып табылады, бұл ретте қағаз нысанындағы жол жүру құжаты берілмейді", - делінген құжатта.

Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық, облысаралық, ауданаралық тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттіктер немесе электрондық билеттерді сату жөніндегі ақпараттық жүйелер арқылы қабылдайды және жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.

Жолаушыларды отырғызу билетте көрсетілген тегін, атын және әкесінің атын жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен салыстырып тексеру арқылы түпнұсқада не электрондық құжат нысанында цифрлық құжаттар сервисі арқылы жүзеге асырылады.

Өзгерістер жүргізушілердің, соның ішінде таксидің жұмысына да әсер етті.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін (6 қазан) күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935896-qazaqstandyqtar-avtobuspen-zuru-usin-elektrondy-biletterdi-paidalanatyn-bolady/