Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасынан ақша тартып алуды әдетке айналдырған елорда тұрғыны 20 күнге қамалды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі сурет: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан қаласында анасынан ақша тартып алуды әдетке айналдырған жергілікті тұрғын 20 күнге қамалды деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, елорданың полицейлері "Учаске" жедел-алдын алу шарасының аясында ішкі істер бөлімінде есепте тұрған, отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында құқық бұзушылық жасап жүрген, спирттік ішімдікке әуес тұлғаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп жатыр.

Тексеріс кезінде учаскелік инспекторға егде жастағы әйел шағымданып, 34 жастағы баласының үйінде жанжал шығарып, ақшасын тартып алатынын жеткізгені белгілі болды.

Ер азамат бұрын талай рет жауапкершілікке тартылған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адамға 20 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Еске сала кетейік, елордалық тәртіп сақышалыр 1 қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында "Учаске" жедел-алдын алу шарасын өткізеді.

Шара басталғалы учаскелік инспекторларп 120 мыңнан астам пәтер мен 19 мыңға жуық жекеменшік түрғын үйге барды.

Тәртіп сақшылары есепте тұрған 8 мыңға жуық адамның тексерілген жеткізді.

Шара барысында жалға берілетін бір мыңға жуық пәтер анықталды, ол туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Жалпы алғанда, жедел-алдын алу шарасы басталғалы әкімшілік жауапкершілікке 16 мыңнан астам адам тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935915-anasynan-aqsa-tartyp-aludy-adetke-ainaldyrgan-elorda-turgyny-20-kunge-qamaldy/

pixel