Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлік бағанаға кіріп кетті": Қапшағай маңында жантүршігерлік жол апаты болды (фото)

Опубликовано:

Видеодан
Видеодан кадр: taldykorganec.insta

Қапшағай маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам ауруханаға түрлі жарақатпен түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Видеодан тас жолдың ортасындағы бағанаға жартылай кіріп кеткен KIA Cerato-ны және ғимаратының қабырғасына соғылған "ГАЗельді" аңғару қиын емес.

Белгілі болғандай, жол апаты Алматы-Өскемен тас жолында Қапшағай ойынханаларының біріне жақын жерде тіркелген.

Облыстық полиция департаменті жол көлік оқиғасынан 1 адам қаза тауып, бесеуі түрлі жарақат алғанын хабарлады.

"KIA Cerato мен "Газельдің" қатысуымен болған жол көлік оқиғасы 6 қазан күні 17.00 шамасында Қапшағай қаласында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы-Өскемен тас жолының 71 шақырымында жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, алдында жүріп келе жатқан "Газельмен"соқтығысуға жол берді.

Оқиға орнынан 6 адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі, 27 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды", - деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935921-kolik-baganagy-kirip-ketti-qapsagai-manynda-zantursigerlik-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tapty/

pixel