RU

Елімізде қай кезден бастап саусақ таңбасын алу жүйесі енгізіледі

Құжатқа қол қою
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті уөші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамбет 2023 жылы Қазақстанда жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеген кезде саусақ таңбасын алу енгізілетінін хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Оның сөзінше, ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесін Азаматтық хал актiлерi жазбаларымен интеграциялау арқылы жалған құжаттар ұсыну мүмкіндігі жойылатын болады

Сонымен қатар әкімшілік кедергілер де алынып басталмақ.

"Біз азаматтардан тегінің өзгергендігі, туған жері мен күні, ұлты және басқа да нақтылау мәліметтері туралы құжаттарды талап етпейтін боламыз", - деді Арман Баймұхамбет.

Осы орайда басқарма басшысы 2023 жылдан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды алу немесе ауыстыру кезінде саусақтардың таңбасын алу енгізілетін атап өтті.

Оның сөзінше, бұл да заңсыз құжат жасау тәуекелін айтарлықтай төмендететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935938-elimizde-qai-kezden-bastap-sausaq-tanbasyn-alu-zuiesi-engiziledi/