Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында экс-әкімнің ісі бойынша сот болып жатыр

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Алматы облысында Талғар ауданының экс-әкімі Серікжан Ерекешевтің ісі бойынша сот өтіп жатыр. Оған пара алды деген айып тағылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс ағымдағы жылдың шілде айының соңында сотқа түскен. Отырыс 5 тамыздан басталды. Істерді қарау кестесіне сәйкес, кезекті тыңдау 6 қазанда өтті.

Ауданның бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешевпен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы Асқар Шамаев та айыпталуда.

Екі шенеунік алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамнан пара алды деген күдікке ілінді.

"Серікжан Ерекешев пен Асқар Шамаев Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда. Бұл ауыр қылмыстарға жатады.

Аталған істі тоқтатуға, тоқтата тұруға, байланыстыруға, сондай-ақ прокурорға жіберуге негіз жоқ", - делінген сот қаулысында.

Сондай-ақ, сотқа адвокаттан Ерекешевке қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсті.

"Әзірге сот процесінің жалғасып жатқанын айта аламын. Ешқандай сот актілері шығарылған жоқ. Істі қарау 14 қазанға ауыстырылды. Куәларды шақыру жүргізіледі.

Пікірсайысқа дайындық келесі аптада жалғасады", - деді Талғар аудандық сотының баспасөз хатшысы Росита Михайлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935940-almaty-oblysynda-eks-akimnin-isi-boiynsa-sot-bolyp-zatyr/

pixel