Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талибан" Ауғанстан бойынша келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуден шақырту алды

Опубликовано:

Тәлібтер
Фото: Haroon Sabawoon/Anadolu Agency via Getty Images

Мәскеуге Талибан қозғалысының (Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған ұйым) өкілдері шақырылды деп хабарлайды РИА Новости.

"Талибан" өкілдері Ауғанстан бойынша 20 қазанда Мәскеуде өтетін "мәскеу форматындағы" кездесуге қатысуға шақырылды.

Бұл ақпаратты Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігі Азияның екінші департаментінің директоры Замир Кабулов растады. Бірақ ол делегацияны нақты кім басқаратынын нақтылаған жоқ.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстан уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездескен еді.

Кездесу кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланған.

Өз кезегінде Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғыс айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935950-taliban-auganstan-boiynsa-kelissozder-zurgizu-usin-maskeuden-saqyrtu-aldy/

pixel