Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирустың жаңа толқыны бола ма: Бекшин пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мегаполисте коронавирустың кезекті толқыны болмайтынын жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, Батыс Еуропада, Америкада және Азияда жаңа мутациядан өткен штамдар анықталып, соған байланысты жаңа толқын басталып жатыр.

"Әр елде мутациядан өткен штамм анықталды. Бәрін алаңдатқан "дельта" бір елге ерте, бір елге кеш жетеді. Ал Алматыда көктемде үшінші толқын өтті, оған "альфа" штамы себеп болды. Қазір төртінші толқыннан шықтық, оған "дельта" штамы себеп болған еді. Келешекте бізде толқын кезінде ауру өршуі мүмкін емес", - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин мегаполисте ауа райының суытуына байланысты аурушаңдық деңгейі аздап көтерілуі мүмкін екенін жасырмады. Себебі көп тұрғын жабық ғимаратта жұмыс істейді.

Жалпы бұл мәселе бізде қатаң бақылауда тұр, деді Бекшин.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 2063 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 423-і Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935954-almatyda-koronavirustyn-zana-tolqyny-bola-ma-beksin-pikir-bildirdi/

pixel