Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда ер адам вокзалдағы әйнекті сындырып, кезекшіні балағаттаған

Опубликовано:

Әйнекті шағу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Көкшетаудағы вокзалда бүлік шығарған мас ер адам есіктің сыртқы әйнегін сындырып, кезекшіні балағаттаған. Бұл оқиға туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Вокзал кезекшісі Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу мас күйінде есіктің сыртқы әйнегін сындырғанын айтты.

Қызметкердің ескертуіне ол балағат сөздермен жауап қайырған.

Көліктегі полиция Ақмола облысының 65 жастағы тұрғынын анықтады. Ол әкімшілік кодекстің 440-бабының 1-бөлігі бойынша (мас күйінде қоғамдық орынға шығу) 14 585 теңге көлемінде айыппұлмен және әкімшілік кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды. Іс материалдары сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ көліктегі ПД Атырау-Алматы байланыстыратын жолаушылар пойызының 44 жастағы кондукторы Атырау станциясында жұмыс орнында алкогольдік ішімдік ішкен ұсталғанын хабарлады.

Оған қатысты әкімшілік кодекстің 440-бабы бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру) әкімшілік хаттама жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935958-koksetauda-vokzalda-er-adam-ainekti-syndyryp-kezeksini-balagattady/

pixel