RU

Петропавлдан Алматыға әуе рейсі ашылды

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Петропавлдан Алматыға әуе рейсі қайта ашылды, ұшақ екі қала арасында аптасына екі рет қатынайтын болады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, Алматы қаласына алғашқы рейс 14 қазан күні аттанады. Boeing ұшағы дүйсенбі және бейсенбі күндері Петропавлдан сағат 12.10-да шығып, екі сағаттан кейін Алматыда болады. Билет құны – 25 мың теңге. Ал Алматыдан Петропавлға дәл осы күндері бірақ таңертең сағат 9.05 минутта ұшып келеді.

Еске салайық, қазіргі уақытта Петропавл халықаралық әуежайын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қаралу үстінде. Бүгінде демеуқаржы бөлу арқылы әуе бағыттарының саны көбейтіліп жатыр. Қазіргі уақытта әуе рейстері Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларына бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936000-petropavldan-almatyga-aue-reisi-asyldy/