Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда екі күнде карантин талаптарын бұзған 10 мекеме анықталды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған 10 мекеме анықталды
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар қаланың кәсіпкерлік нысандары арасынан ондаған карантин режимін бұзушыларды анықтайды. Екі тәулік ішінде шектеу шараларын елемеген 10 мекеме жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Өткен екі күнде, 5 және 6 қазанда елорданың мониторингтік топтары 10 кәсіпкерлік объектісінде карантиннің бұзылуын анықтады.

Алматы ауданында орналасқан Қошқарбаев компьютерлік клубында, "Арасан" саунасында, "ACE Kiber arena" компьютерлік клубында белгіленген жұмыс тәртібі сақталмаған.

Тәртіп бұзушылар тізіміне Есіл ауданының үш мекемесі – "Мята" лаундж-бары, "Панаехали" бары және "Lavash Food" фаст фуд пункті кірді.

Байқоңыр ауданында "Мята" және "Barrus"барлары карантин талаптарын елемеді.

Шектеу шаралары Сарыарқа ауданындағы Т.Шевченко көшесіндегі "Аружан" кафесі мен Business Hall-да да бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлық жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, COVID-19-бен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша әлі де "қызыл" аймақта қалып отыр. Пандемияны тоқтату және карантинді жеңілдету үшін елорда тұрғындары мен қонақтары вакцинациядан өтіп, санитарлық нормаларды: маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын қатаң сақтауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936001-nur-sultanda-eki-kunde-karantin-talaptaryn-buzgan-10-mekeme-anyqtaldy/

pixel