Көктайғақ, дауыл: Қазақстанда апта соңында ауа-райы қандай болады
Опубликовано:

Қазақстандық синоптиктер осы аптада ауа-райы қандай болатынын айтты. Болжам "Қазгидрометтің" ресми Telegram-парақшасында жасалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, республикамыздың бірқатар өңірінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. Оған қоса, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды.
Шығыста және орталықта — көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста — шаңды дауыл күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10...18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15...20-ға дейін аздап жоғарылайды.
Республиканың басым бөлігінде, Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен, көбінесе жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936003-koktaigaq-dauyl-qazaqstanda-apta-sonynda-aua-raiy-qandai-bolady/