Алматы маңында егде жастағы әйелді көлік қағып өлтірді (фото)
Опубликовано:

Алматы облысындағы ірі базар маңында жолдан өтіп бара жатқан егде жастағы әйелді көлік қағып кетті. Азаматша оқиға орнында жан тапсырды.
Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауыцнша, жол апаты "Алтын орда" базарының маңында кешкі уақытта орын алған.
Куәгерлердің сөзінше, қайғылы оқиғаға дейін әйел адам жолдан өтіп бара жатқан. Бұл сәтте шығыс бағытта Volkswagen Passat автокөлігі жүріп келе жатқан.
Көлік жүргізушісі азаматшаны көрген бойда тоқтауға тырысқан. Алайда, оны қағып кетті.

Әйел адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Ол 77 жаста болған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті. Олар жол апатының мән-жайын анықтайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936004-almaty-manynda-egde-zastagy-aieldi-kolik-qagyp-oltirdi-foto/