Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады: синоптиктер болжамы

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер 8 қазан күні елімізде ауа райы қандай болатынын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, бүгін, 8 қазанда еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен, күн негізінен жауын-шашынсыз болады.

Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында ғана қар және қар аралас жаңбыр жауады, дейді синоптиктер.

Олар Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі мүмкін екенін жасырмады. Ал оңтүстікте - шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең оңтүстік және оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыс және орталықта тұман түсуі мүмкін.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз Алакөл көлдері аумағында - желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батыс және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал, облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936025-zanalyq/

pixel