RU

Қостанайда алимент төлемеген әйел түрмеге қамалды

күдікті әйел
Көрнекі фото: www.gazeta.ru

Алимент төлегісі келмеген қостанайлық әйел алты айға абақтыға қамалды. Оның кәмелет жасқа толмаған балаларына берешегі үш миллион теңгеден асқан деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, келіншек 2018 жылдан бері алимент төлемеген.

Осы уақыт ішінде сот үкімімен әйелдің бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылғаны белгілі болды. Тіпті шартты түрде бір жылға бас бостандығы да шектелген. Алайда еш нәтижие шықпағасын сот орындаушылары жазаның қатаң түрін қолданыпты. Жалпы өңірде алимент төлемейтіндер көбейіп тұр, дейді мамандар.

Сот орындаушылардың тартпасында жалпы сомасы 600 миллион теңгеге жуықтайтын 16 мыңнан астам іс жатыр. 

"Бас бостандығынан айырылғанымен оның қарызы өшіп кетпейді. Егер сот орындаушы жұмысқа тұрғызатын болса, орындау парағын сонда жіберіп алты ай мерзім күтеміз. Қанша сома түсетінін баланың пайдасына. Шықаннан кейін алты айдың алиментін тағы да есептеп қосып береміз. Сонымен бірталай ақша болайын деп тұр. Екі баласы әкесінің қолында. Қазіргі уақытта өзі бағып, өсіріп жатыр", - деді жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936027-qostanaida-aliment-tolemegen-aiel-turmege-qamaldy/