Алматыда пәтер сатып алу туралы жалған келісімшарт жасаған алаяқ ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда пәтер сату туралы жалған келісімшарттар жасап келген ақмолалық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы аясында пәтер сатып жүрген күдіктіні анықтады. Ол Ақмола облысының тумасы болып шықты.

«И. есімді 35 жастағы азамат пәтер сату туралы хабарландыруларды орналастырды. Сатып алушылар пайда болған кезде ол жалған сату-сатып алу келісімшартын жасаған. Ол ақшаны алып, сатып алушымен байланысын үзіп, белгісіз бағытта жасырынған. Күдікті соңғы мәмілені 11 миллион теңгеге жуық сомаға жасаған», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Полиция өкілінің айтуынша, қазірдің өзінде бірнеше жәбірленуші анықталды.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл адамның әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Алмалы аудандық полиция басқармасына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727», - деп атап өтті ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936029-almatyda-pater-satyp-alu-turaly-zalgan-kelisimsart-zasagan-alayaq-ustaldy/