20 күн үйіне қонбаған: Атыраулық жеткіншек Ақтаудағы мектеп-интернатқа жіберілді
Опубликовано:

20 күн бойы үйіне қонбай, қаңғыбастыққа салынған атыраулық жасөспірім Ақтаудағы мектеп-интернатқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, жыл басынан бері ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған 96 ата-ананы анықтап, олардың бәрі Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мәселен, 1981 жылғы әйел 15 жасар ұлының 20 күнге жуық тұрғылықты мекенжайындағы үйіне қонбай, қаңғыбастыққа салынғанына шағымданады. Азаматшаның шағымы негізінде тәртіп сақшылары жасөспірімнің сабаққа 10 күннен аса қатыспағанын анықтайды.
Полиция қызметкерлері мен сынып жетекшісі, мектеп психологы жасөспірімге түсіндіру жұмысын жүргізсе де, оның үйге қонбау дерегі бірнеше рет қайталанған.
«Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырып, оған қатысты жинақталған іс-құжаттар Ақтау қаласындағы девианттық мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналастыру туралы ұсыныспен Атырау қалалық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданды.
Комиссия отырысында полицейлердің ұсынысы қанағаттандырылып, 15 жасар жасөспірімді Ақтау қаласындағы девианттық мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналастыру үшін қаулы шығарды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұда
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936034-20-kun-uiine-qonbagan-atyraulyq-zetkinsek-aqtaudagy-mektep-internatqa-ziberildi/