Жеке сот орындаушысының көмекшісін қорлаған павлодарлық 10 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

қамауға алды
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысында жеке сот орындаушысының көмекшісін қорлағаны үшін борышкер 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Борышкер Екібастұз атқару округінің жеке сот орындаушысының қызметтік ғимаратында болып, заң саласының маманына балағат сөздер айтып, жанжал шығарған.

Жеке сот орындаушысының көмекшесі борышкерге қатысты тиісті шара қабылдау үшін полицияға жүгінген.

Материалдар сотқа берілді. Кейін борышкер Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша кінәлі деп танылған. Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Жанқош Тұраровтың сот орындаушысына қысым көрсеткені туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда, боксшы бұл жаңалықтарды бірден жоққа шығарды. Ол оқиға орнында болғанымен, оны ұрмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936053-zeke-sot-oryndausysynyn-komeksisin-qorlagan-pavlodarlyq-10-taulikke-qamauga-alyndy/