Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ сарапшысы: "Дельта" штамы коронавирустың соңғы нұсқасы болуы мүмкін

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

АҚШ Ұлттық Ғылым академиясының мүшесі, Academia Europaea, РҒА шетелдік мүшесі, АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институттары ұлттық медициналық кітапханасындағы Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының жетекші ғылыми қызметкері Евгений Кунин "дельта" штамы коронавирустың соңғы нұсқасы болуы мүмкін деген болжам жасады деп хабарлайды РИА Новости.

"Дүниежүзі бойынша "дельта" штамы үстемдік құрып тұрғанына шамамен екі ай болды. Коронавирустың бұл штамы тұрақты түрде сақталып қала бере ме, әлде тағы бір штамм пайда бола ма? Кез келген ағзаның, оның ішінде вирустың бейімделу үдерісі өте күрделі екенін түсіну керек. Вирус сан мәрте түрленгеніне қарамастан, ең жұқпалы штамы пайда болғаннан кейін жаңа штамның туындауы қиындай түседі", — дейді Евгений Кунин OpenBio форумында.

Куниннің айтуынша, коронавирустан жаппай вакцинациялау жағдайында вирус бар күшін иммундық жүйені бұзып, антиденелерден қашуға жұмсап, жұқпалылығы мен ауырлығы тұрғысынан дамуына мүмкіндігі болмай қалады.

"Бәрін қатар алып жүру вирусқа оңайға түспейді және антиденелермен күресуге мәжбүр "дельта" нұсқасының мутациялану мүмкіндігі де екіталай. "Дельта" нұсқасы коронавирус эволюциясының шыңы екеніне нақты сенім жоқ, десе де солай болған жағдайда вирус одан да биік шыңға шыға алмауы мүмкін. "Дельта" штамы коронавирустың соңғы нұсқасы болуы ғажап емес", — дейді биолог.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, "дельта" штамы әлемнің 192 елінде түгелдей тіркеліп отыр. Алайда, дәл осы вирус түрінен өлім саны ең көп тіркелген Үндістанда қазір эпидахуал тұрақталып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936058-aqs-sarapsysy-delta-stamy-koronavirustyn-songy-nusqasy-boluy-mumkin/

pixel