RU

Елімізде коронавирустан тағы 37 науқас қайтыс болды

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандардың статистикасын жариялады.

Министрлік тің статистикасына сәйкес, 6-қазан күні Қазақстан аумағында 37 адам - коронавирустан, тағы 6 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 8 науқас. Павлодар облысында - 6, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында - 4, Алматы және Қарағанды облыстарында - 3, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола облысында - 2, Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Тек Түркістан, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936062-elimizde-koronavirustan-tagy-37-nauqas-qaitys-boldy/