Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде оқушы қыздардың шалбар киюіне тыйым салынғаны рас па

Опубликовано:

сынып
Фото: Sputnik / Стрингер

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда бірнеше мектепте оқушыларға шалбар киюге тыйым салынып, оларды тек юбка киюді міндеттегені туралы ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, ағымдағы оқу жылында балалар білім ордасына тек біркелкі мектеп формасымен ғана емес, классикалық стильдегі киіммен де баруына болады.

"Классикалық стиль матаның, түс пен өлшемнің қатаң, ұстамдылығымен сипатталады. Қазір мектеп тәжірибесінде үстіне ашық, астына қою түс киюге рұқсат беріледі" делінген хабарламада.

Осы орайда ведомство оқушыларға мектепке юбка немесе шалбар кию керек деген талап жоқ екенін жеткізді.

Tengrinews ұсынған ақпаратқа сәйкес, Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарындағы мектептерден бірнеше шағым түскен.

Ата-аналардың сөзінше, қыздар мектепке тек юбка киіп баруға мәжбүр екен.

"Осындай салқында қыздар шалбар киіп жүру керек. Бұлай тыйым салу заңсыз деп санаймыз, мұндай заң жоқ", - деп шағымданды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936090-elimizde-oqusy-qyzdarga-salbar-kiyuge-tyiym-salyngany-ras-pa/

pixel