Ғалымдар: COVID-19-бен ауырып шыққан адамда бір жылда жүрек ауруы пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

АҚШ-тағы Сент-Луис клиникалық-эпидемиологиялық орталықтың ғалымдары коронавируспен ауырып шыққан адамдарда бір жылдан соң жүрек ауруы пайда болуы мүмкін деген тұжырым жасады. Бұл туралы "Блумберг" агенттігіне сілтеме жасаған "Хабар 24" жазды.

Ғалымдар коронавирус жұқтырып, ем-дом алғаннан кейін сауыққан 151 195 қарияның денсаулығын зерттеп, олардың жүрек талмасына шалдығу қаупі 39 пайызға жоғары екенін анықтаған.

Сондай-ақ, зерттеу барысында коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатып шыққан әрбір жетінші науқастың жүрегінің ауырғаны анықталып отыр.

Сонымен қатар, COVID-19-бен ауырып шыққан адамда бір жылда жүрек ауруы пайда болуы мүмкін деген тұжырым жасалуда.

Ғалымдар әзірге коронавирустың салдарынан жүрекке қалай зақым келетінін толық зерттеп біткен жоқ. Дәрігерлер оқшауланудан туындаған күйзеліс жағдайы, қаржылық қиындықтар, физикалық белсенділіктің төмендеуі мен уайым-қайғы жүрекке ауыр салмақ салуы мүмкін деп топшылауда.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ сарапшысы "Дельта" штамы коронавирустың соңғы нұсқасы болуы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, "дельта" штамы әлемнің 192 елінде түгелдей тіркеліп отыр. Алайда, дәл осы вирус түрінен өлім саны ең көп тіркелген Үндістанда қазір эпидахуал тұрақталып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936116-galymdar-covid-19-ben-auyryp-syqqan-adamda-bir-zylda-zurek-auruy-paida-boluy-mumkin/