Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда блогер жаңа асфальтті қайта жаңартқан шенділердің әрекетіне шағымданды

Опубликовано:

Талдықорған
Фото: Instagram/taldykorganec.insta

Талдықорғанда жергілікті блогер жаңа асфальтті қайта жаңартқан шенділердің әрекетіне шағымданып, бейнеүндеу жариялады.

Блогердің бейнеүндеуі Instagram әлеуметтік желісіндегі taldykorganec.insta тобында жарық көрді.

"Бұл коттеджді қалашықты 2-3 жыл бұрын салды. Қараңыздаршы, жаңа асфальт, жағдайы жақсы. Бұл жаңа шағын аудан. Жаңа жол болды, бірақ жаңа жолды, қайта жаңартты",- деді блогер.

Бұған қатысты Талдықорған қалалық әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, коттеджді қалашықтағы 15,4 шақырым жол 2008-2011 жылы салынып, 2011 жылы пайдалануға берілген.

Биыл жолдың шұрық тесігін, бүлінген жерлерін жөндеу үшін жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

"15,4 шақырым жолдың 6,5 шақырымы жөнделеді. Жұмыстар 20 көшенің алтауына жасалады", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936118-taldyqorganda-bloger-zana-asfaltti-qaita-zanartqan-sendilerdin-areketine-sagymdandy/

pixel