Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 147 сынып карантинге жабылған

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: zakon.kz

Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде облыстағы мектеп оқушылары мен студенттер арасында КВИ шалдығу мәселесі қозғалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 8 қазанға дейін білім мекемелерінде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны мынадай: 572 оқушы, офлайн режимінде білім алып жүрген 350 оқушы, ЖОО мен колледжде оқып жүрген 98 студент. Ауруға шалдыққан 222 оқушы немесе 38,8% оқу жылы басталмай тұрып инфекция жұқтырған" , - деп хабарлады департаменттен.

135 мектепте КВИ шалдығу оқиғалары тіркелді, ауру жұқтыру көрсеткіші 27,4% құрады. 297 сынып карантинге жабылды. Қазіргі кезде 147 сынып карантинде. КВИ жұқтырған оқушылардың ең көп бөлігі Қостанайда анықталған, сондай-ақ Рудный, Лисаков, Жітіқара, Б.Майлин атындағы аудан, Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Меңдіқара, Қарабалық аудандарында да тіркелуде.

Студенттерге келетін болсақ, қыркүйектен бастап ЖОО, арнайы орта білім орындарында вирус жұқтырудың 98 оқиғасы тіркеліп, 69 топ карантинге жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936131-qostanai-oblysynda-147-synyp-karantinge-zabylgan/

pixel