Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басамыз, ештеңе болмайды": Нұр-Сұлтанда журналистер SOS түймелерін тексерді

Опубликовано:

SOS түйме
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Журналистер Нұр-Сұлтандағы "Керуен" сауда орталығының маңында полицейлер орнатқан SOS түймелерінің бірін сынақтан өткізіп, оң нәтижеге қол жеткізе алмады. Себебі құрылғы жұмыс істемейтін болып шықты.

Бірнеше күн бұрын елордада SOS түймелері орнатылды.

Полицияның мәліметінше, бұл құрылғы қала тұрғындарына жедел басқару орталығының (ЖБО) полиция қызметкеріне хабарласып, құқық бұзушылық туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Қалада барлығы 6 түйме бар: Есіл өзенінің жағалауында, базарлар мен сауда үйлерінің аудандарында, сондай-ақ Гете көшесінің бойындағы теміржол вокзалы алаңында.

Журналист Асхат Ниязов әріптесімен бірге осы түймелердің бірін тексеруді жөн көрді.

"Сонымен, бұл – SOS Police. Түймені бірнеше рет басамыз, тартып көреміз. Ештеңе болмайды", –дейді "Хабар 24" телеарнасының журналисі, содан кейін ол қайтадан басады да, ештеңе болмайтынын нақтылап өтеді.

Журналистер түсініктеме алу үшін астаналық полицияға жүгінді.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті жедел басқарма орталығының басшысы Қайрат Раушановпен сұхбатында олар "Керуен" сауда орталығының жанындағы жұмыс істемей тұрған құрылғы туралы айтты.

Алайда, Раушанов қазір бұл түйме жұмыс істеп тұрғанын жеткізіп, құрылғылардың біріне барып тексеруді ұсынды. Бұл жолы журналистер жағалаудағы түймеге барып, оның жұмыс істеп тұрғанын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936183-basamyz-estene-bolmaidy-nur-sultanda-zurnalister-sos-tuimelerin-tekserdi/

pixel