RU

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 43 адам көз жұмды

аурухана
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан бір тәулікте қанша адмның көз жұмғанын хабарлады.

Ведомствоның министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте 1940 адамнан коронавирус анықталып, тағы 30 адам індет құрбаны болған. Сонымен бірге 2399 науқас ауруынан айықты.

Сондай-ақ 150 қазақстандықтан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталып, 13 адам аурудан қайтыс болған. Оған қоса 248 пациент жазылып шыққан.

9 қазандағы мәлімет бойынша 54 250 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 9 384 пациент стационарда, 44 866 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 703 адамның жағдайы ауыр, 203 пациенттің жағдайы өте ауыр, 135 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936221-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-43-adam-koz-zumdy/