Алматы облысында жол апаты болып, көлік қақ ортасынан бөлініп қалды
Опубликовано:

Алматы облысында рөлге ие бола алмай қалған жас жігіт жол апатынан көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"8 қазанда сағат 17:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 39-шақырымында Mercedes-Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жол апатын жасады. Жас жігіт рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен, содан кейін Audi C-4 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апатының салдарын куәгерлер видеоға түсіріп алған.
"Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полиция.
Mercedes қатты соққыдан қақ бөлінген, қалған екі көлік жапырылып кетіпті.
Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөлігі (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936227-almaty-oblysynda-zol-apaty-bolyp-kolik-qaq-ortasynan-bolinip-qaldy/