Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, "қызыл" аймақта бес бірдей өңір тұр деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

9 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "Жасыл" аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1940 адамнан коронавирус анықталды. Одан бөлек, бір тәулікте коронавирус пен пневмонядан 43 науқас көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936228-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta-tur/