Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан: Алматы облысында 8 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

Опубликовано:

мектеп
Көрнекі фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Алматы облысында 8 жасар оқушы иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Оны жүк көлігі басып кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 8 қазан 13:20-да Есік қаласында болғанын мәлімдеді.

"Isuzu" жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, бүлдіршінді қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан. Бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі сараптама тағайындалды", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында рөлге ие бола алмай қалған жас жігіт жол апатынан көз жұмғанын жазған едік.

"8 қазанда сағат 17:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 39-шақырымында Mercedes-Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жол апатын жасады. Жас жігіт рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен, содан кейін Audi C-4 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936229-itten-qorqyp-zolga-zugirip-syqqan-almaty-oblysynda-8-zasar-balany-zuk-koligi-qagyp-ketti/

pixel