Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі Shymkent Plaza сауда орталығында 27 жастағы әйел босанып қалды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте Shymkent Plaza сауда орталығында жас келіншек бала босанды. Оның босануына орталық қызметкерлері көмектескен деп хабарлайды otyrar.kz.

Белгілі болғандай, 8 қазанда сауда ойын-сауық орталығына келген 27 жастағы әйелдің жағдайы аяқ астынан нашарлаған. Оның толғағы бірден басталып кетіпті.

Shymkent Plaza орталығының мәліметінше, қызметкерлер бастапқыда абдырап қалғанымен, кейіннен өздерін қолға алып, әйелге көмектескен.

Босану процесі киім ауыстыру бөлмесінде өткен. Онда қызметкерлер келіншектің босануы үшін бар жағдайды жасаған.

Содан кейін реанимациялық көлікпен медицина қызметкерлері келген. Артынша жедел жәрдем көлігімен жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған арнайы жабдық әкелінген.

Осылайша, шақалақты анасымен бірге жақын маңдағы №2 облыстық перинаталдық орталыққа жеткізген. Дәрігерлер әйел мен баланы тексерген.

Ақ халаттылардың сөзінше, өмірге дені сау қыз бала келген. Оның салмағы 3200 гр, бойы 54 см болған.

Еске сала кетсек, 2019 дәл осы сауда орталығындағы дәретханада 23 жастағы келіншек босанып қалған еді.

Жүкті әйел кешеннің ішіндегі дәріханаға кіріп, өзін жайсыз сезінгендіктен, әжетханаға барған. Сонда күтпеген жерден толғағы келген.

Жүкті әйелге сауда орталығының қызметкерлері мен кезекші дәрігер көмектескен. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем қызметкерлерін шақырағанымен, олар келгенше өмірге қыз бала келген. Нәрестенің есімін "Айша" деп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936240-symkenttegi-shymkent-plaza-sauda-ortalygynda-27-zastagy-aiel-bosanyp-qaldy/

pixel